$ 443.35  475.54  4.82

Ақтөбеде студенттің жеңіп алған грантын алып қойып, сабаққа қатыстырмай қойған

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің 1-курс студенті 2 айдан соң сабаққа кіре алмай қалды. Университет әкімшілігі мемлекеттік гранттан бас тарту арызын жазуды сұрады деп жазады Aktobenews.kz.

Рүстем Оңғарбаев 2016-2017 оқу жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығын ақылы бөлімде бітірді. Ата-анасына баласының оқуын төлеу қиынға түсіп, студент биыл қайтадан кешенді тест тапсыруды жөн көреді. Сөйтіп 122 балл жинады. Ол құжаттарын грант байқауына жіберіп, тамызда өзінің аты-жөнін көреді. Ал 27 тамызда университеттің қабылдау комиссиясынан телефон шалып, қателік кеткенін, мемлекеттік гранттан ерікті түрде бас тартуын сұрады.

«Өткен жылы Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына оқуға түсіп, жылына 630 мың теңге төледім. Оқу жылын бітірген соң шілдеде кешенді тестілеу тапсырдым. Сол кезде 122 балл жинадым. Конкурсқа қатысуға болатын арнайы құжат беріп, тамызда шешім шықты. Тамызда грант тізімі шығып, арнайы сертификатты қолыма ұстатты. Түпнұсқасын алып, қайта құжат тапсырдым. Сол кезде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша оқудан шығу туралы арыз жазып, «Жалпы медицинаға» түстім. Негізі қабылдау кезінде қолымызға анкета берді. Сол кезде жеке мәліметтер толтырылды. Арнайы категорияға келгенде құжат қабылдап отырған маманнан сұрадым. Ол егер ешқайсысына сай келмесең, толтырма деді. Мен толтырғаным жоқ. Сөйтіп 27 тамыз күні маған белгісіз нөмірден бір адам қоңырау шалды. Өзімнен құжат қабылдаған апайдың дауысын бірден таныдым. Ол маған грант қате берілгенін, бас тарту туралы арыз жазуды міндеттеді. Өз қолыммен жазуға қарсы болдым. Ата-анаға ескерттім, оқудан қалмай, қатысып жүрмін», — деді Рүстем Оңғарбаев.

Отбасы университеттен жазбаша жауап талап етті. Ал арызға бірнеше жауап келді. Сондықтан Рүстем Оңғарбаев барлық құжаттың көшірмесін ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолдады.

«Ішкі істер бөлімінен телефон шалып, медициналық университетке келуді сұрады. Мекен-жайымды сұрап, үйге келді. Дәл сол кезде үйде тілшілер отырған еді. Көріп, қайта шығып кетті. Неге іздеп жүргенін білмеймін. Әкем сөйлескен кезде «қандай көмек керек» деп сұрады. Біз олардан еш көмек сұраған емеспіз. Ойымша, оларды университет жіберіп отыр. Қорқытып отыр деп ойлаймын. Кінәні өзіме жабатын шығар. Қорқамыз біз олардан», — деді Рүстем Оңғарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары