9 жыл түрмеде отырып шыққан ер адам Астанадағы компьютер клубтарының бірінде балаларға жыныс мүшесін көрсеткен деп жазады NewTimes.kz.
Оқиға тамыз айында кешкі сағат 9-дар шамасында болған. Компьютер клубта ер адам жыныс мүшесін шығарып отырған. Балалар шулап кеткен. Орындық пен пернетақтаны ластаған оған зиян келтіргені үшін администратор қосымша ақша төлеуін талап еткен. Алайда ол қызметкердің өзін жағадан алып, қашпақ болған. Дәл сол кезде клуб бастығы келіп, полиция шақырып, әлгі кісіні ұстатып жіберген.
Жергілікті полиция депараменті 25 қазан күні компьютер клубынан 30 жастағы ер адамға қатысты шағымның түскенін растады. 2009 жылы адам өлтіргені үшін 9 жылға сотталған ол «Ұсақ бұзақылық» бабымен тағы да қамауға алыныпты.
Компьютер клубындағылар оның педофил екенін айтады.
Материал NewTimes.kz ақпараттық порталының рұқсатымен жарияланды