$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстау облысында әскери киімдегілер көшедегі адамды күштеп алып кетпек болды (ВИДЕО)

Маңғыстау облысы Ақтау қаласында әскери киімдегілер көшедегі адамды күштеп алып кетпек болған. Бұл туралы тұрғынның ағасы айтып берді деп жазады Lada.kz.

«Өздерін «Әскери комиссариатпыз» деп таныстырғандар інімді жұлқылап автокөлікке отырғыза бастады. Не үшін азаматтық көлікпен келгенін де түсіндірмеді. Қызметтік көліктің де шақырту қағазының да жоқ екенін айтты», - дейді Ақтау тұрғыны.

Ақтау қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшының орынбасары Ильяс Тұрбаев бұл мәселеге қатысты сұрақтарға тек басшылық жауап бере алатынын айтқан. Ал басшылықпен хабарласу әзірге мүмкін болмай тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары