15 қарашада таңғы сағат 11.00 шамасында Семей тұрғындары сәбидің мәйітін тауып алғандарын айтуда деп жазады semeyainasy.kz.
Цементный ауданында тұратын студенттің айтуынша, бұл жайт оның балконының жанында болған. Ол сәбидің мәйіті табылған қоқыс жәшігін видеоға түсіріп алыпты.
«Менің үйім жақтан дәл балконның астындағы қоқыс жәшігінен сәбидің өлі денесі табылды. Полиция қызметкерлері 10 минут бұрын ғана кетті. Олар бұл маңда бір сағаттай жүрді. Қоқыс жәшігіне ешкімді жолатпады», – дейді студент қыз.
Семей қалалық ІІБ-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге мұндай оқиға тіркелмеген.