Қазгидромет демалыс күндеріне ауа райы болжамын ұсынды Sputniknews.kz.
Қазақстанның басым бөлігінде суық ауа райы сақталады. Соңғы күндері ең төменгі түнгі ауа температурасы минус 10-18°С градус, республиканың оңтүстігінде кей жерлерде минус 20-28°С градус болды, бұл климаттық нормадан 8-15°С градус төмен.
Бірақ Батыс Сібірдің және Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік жартысы арқылы жылжитын атлантикалық циклондардың әсерінен Қазақстанға жылы және дымқыл ауа түсе бастайды.
Оның әсерінен демалыс күндері температураның жоғарылауы болжанады, сондай-ақ кей жерлерде қар, бұрқасын, желдің күші 15-20 м/с болады.
Республиканың оңтүстігінде әзірше жауын-шашынсыз, бірақ температура жоғарылайды, ал оңтүстік-шығыста жексенбіде және дүйсенбіде, әсіресе, таулы аймақтарда қар жауады.