$ 494.87  520.65  4.91

Президент күні Астанада тегін экскурсия ұйымдастырылады

1-3 желтоқсанда елорда тұрғындары мен қонақтары екі қабатты «Red Bus» экскурсиялық автобустарымен Астананың сол жақ жағалауына тегін экскурсия жасай алады деп жазады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл көтеру орталығынан және ҚР ұлттық музейінен басталады. Ол қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтің көмегімен (бір рейс - қазақ тілінде, бір рейс - орыс тілінде) автобус салонындағы дыбыс күшейткіштері арқылы өткізілетін болады. Экскурсияны белгілі бір тілде тыңдауды қалайтындар өз құлаққаптарын әкелуі керек.

Мерекелік тегін серуендеу кезінде жолаушыларға құлаққаптар таратылмайды. Барлық сұрақтарды +7 777 555 75 75, 77-90-99 телефондары бойынша call-орталыққа немесе Instagram әлеуметтік желісіндегі @redbus.kz парақшасына жолдауға болады.

Арнайы автобустардың қай жерден қай уақыттарда жүретіні туралы деректі мына жерден алуға болады.   Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында өткізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары