29.11.2018, 03:36

Жаңаөзенде жол апатынан ер адам қаза тапты (ВИДЕО)

Жаңаөзенде Mitsubishi Pajerо және BMW автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан бір жүргізуші қаза тапты деп жазады Lada.kz.

Жол апаты 27-сінен 28-не қараған түні болған. Зардап шеккен BMW жүргізушісі мен жолаушылар шұғыл түрде  Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Алайда жүргізуші жан сақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болып кетті.

Қазіргі уақытта жол апатының себеп-салдары анықталуда.