30.11.2018, 09:20

Семейде ер адам көшеде көзіне көрінген әйелдерді сабап жүр

Көрнекі сурет

Семей қалалық полиция басқармасына үш тұрғыннан арыз түсті. Үшеуі де белгісіз ер адамның өздерін көшеде себепсіз соққыға жыққанын айтты деп жазады Altaynews.kz.

Осыған орай қала аумағында бірден сақтандыру хабарламалары мен оқиғаның бейнежазбалары таратыла бастапты.

Әзірге ұқсас үш оқиға тіркеліп отыр.

Бейресми ақпарат бойынша, әйелдерге шабуылдап жүрген адам анықталып, қамауға алынған екен.

Тегтер: қылмыс Семей