Алматының бірқатар нысандарында көгілдір отын уақытша тоқтатылды деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.
Бүгіннен бастап 7 желтоқсанға дейін Абылай хан - Әуезов - Тузов - Марков - Бұқар жырау - Есентай жағалауы аралығындағы мекенжайда орналасқан ғимараттарда газ болмайды. Бұл жерасты газ құбырын өткізу үшін жасалып жатқан жөндеу жұмыстарымен тікелей байланысты.
Газдың уақытша болмауы тұрғын үйлердің жылу жүйесіне еш қатысы жоқ екені айтылады.