Жаңалықтар 05.12.2018 сағат 12:00  256

Ең жоғары жалақы еліміздің қай өңірінде?

2018 жылы қазақстандықтардың орташа жалақысы 9,3 пайызға көтерілген. Ең жоғары жалақыны Атырау, Маңғыстау облыстары және Астана мен Алматы тұрғындары алатыны белгілі болды деп жазады finprom.kz.

Ең жоғары жалақы еліміздің қай өңірінде?
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

2018 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша орташа жалақы мөлшері 161,8 теңгені құраған. Бұл жалақы мөлшерінің 9,3 пайызға өскенін көрсетеді. Былтыр бұл көрсеткіш 4,8 пайызды құрап, жалақы мөлшері 148 теңгені көрсеткен еді. Соңғы бес жылда тек 2016 жылы ғана жалақы максималды 13,3 пайызға өскен.

Үшінші тоқсан соңында ең көп жалақы мөлшері Атырау облысында: 310,6 мың теңге, екінші орында Маңғыстау облысы - 260,6 мың теңгеден 273,2 мың теңге көлемінде болған. Ал үздік үштікті Астана қаласы - 240,7 мың теңге көлеміндегі жалақымен аяқтайды.

Ең аз жалақы төленетін өңірлер: Түркістан облысы(98,8 мың тг), Солтүістік Қазақстан облысы (110,9 мың тг) және Жамбыл облысы (111 мың теңге).

Үшінші тоқсан соңында тек төрт өңірде орташа айлық жалақы көлемі орта көрсеткіштен көтерілген. Орташа жалақы ең көп және ең аз өңірлердегі айырмашылық 211,7 теңгені құраған.

Орташа жалақы мөлшерінің өсімі ең көп үштікке: Батыс Қазақстан (16,4%), Жамбыл (13,2%) және Атырау облыстары (12,6%) кірген.

Дереккөз: NUR.KZ

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар