$ 494.87  520.65  4.91

Мәйітін көміп кеткен: Оңтүстікте жас жігіт көлігін сатамын деп ажал құшты

Полиция бірнеше күн бұрын жоғалған жас жігітті өлтірді деген күдікпен Алматы облысының тұрғынын ұстады деп жазады Sputniknews.kz.

Екі күн бұрын Шымкент қаласының тұрғыны құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арызданған. Ол 26 жастағы ұлының жоғалып кеткенін мәлімдеді. Полицейлер анықтағандай, жас жігіт жергілікті базарға өзінің «Toyota» автокөлігін сатуға кеткеннен кейін жоғалып кеткен.

Алматы облысы Қарасай ауданының тәртіп сақшылары күдіктіні табуға көп уақыт жұмсаған жоқ.

«Іздеудегі жігіттің иномаркасын сатып алмақ болған жергілікті тұрғындардың бірі анықталды. Бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген 36 жастағы ер адам жауап алу кезінде көлік иесін өлтіргенін мойындап, мәйітін көміп тастаған жерді көрсетті», — деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Көршілес Жамбыл ауданындағы жыраға көмілген «Тойотаның» бұрынғы иесінің денесі табылып, эксгумация жасалды, қажетті сараптама тағайындалды.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды. Тергеушілер істің мән-жайын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары