$ 449.58  486.94  4.86

Семейде автокөлік батпаққа батып кетті

4 желтоқсан күні Семейде автокөлік батпаққа батып кетті деп хабарлайды ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

Құтқарушылар «Лада Приора» автокөлігінің су жанындағы батпаққа батып кеткені жайлы хабар алысымен дереу оқиға орнына жеткен. Жартысы суға, жартысы батпаққа батқан көлікті төтеншеліктер бірнеше сағатта шығарып алған.

Автокөлік жүргізушісі өмірін сақтап қалған ПЧ-46 жедел құтқару жасағына алғысын айтты. 

Дереккөз: NewTimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары