$ 442.05  474.14  4.74

«Алпамыс батыр» жырын оқыған Бауыржан Байбек жұрттың ыстық ықыласына бөленді (ВИДЕО)

«Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Алпамыс батыр» жырын оқу эстафетасын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жалғастырды. 

Қала әкімі эстафетаны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаевадан қабыл алып, одан әрі жалғастыру үшін кинорежисер Ақан Сатаевқа, кәсіпқой былғары қолғап шебері Қанат Исламға және ел мақтанышы дарынды әнші Димаш Құдайбергеновке жолдады.

Желі қолданушылары жыр оқыған әкімге алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіріп жатыр. 

Айта кетейік, «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық байқауы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен жүзеге асқан жоба. Бір ай бойы өткен шараның жеңімпаздары қазан айының басында марапатталды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары