$ 441.44  473.09  4.75

Бауыржан Байбекке жаңа лауазым берілді

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекке Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті лауазымы берілді. Бұл туралы «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы  Арман Шораев өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«Бүгін Бауыржан Байбек мырзаны Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті қызметіне тағайындадық», - деп жазды Шораев.

Еске сала кетейік, Бауыржан Байбек Алматы қаласын 2015 жылдың тамыз айынан бері басқарып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары