$ 514.65  544.6  5.17

Ақмола облысында мал ұрлады деген күдікпен 16 адам ұсталды

Ақмола облысының полицейлері үш күнде 20-дан аса мал ұрлығын ашты деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Департаменттегілердің мәліметінше, үш күн бойы полицейлер мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 80-нен аса көлікті тексерген, 13 құжатсыз тасымалдау дерегі анықталған.

«Мал ұрлау» жедел алдын-алу шаралары барысында 20-дан аса мал ұрлығы анықталған, олардың 18-і «былтырғы» санатқа жатады. Осыған байланысты 16 қылмыскер ұсталды.

«Жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде 236 ірі қара мал табылып, иелеріне қайтарылды. Мысалы, Есіл ауданында полиция қызметкерлері Орловка тұрғынына қарашада жоғалған 44 жылқысын қайтарып берді. Мал иесінің айтуынша, шығын шамамен 3,5 миллион теңгеге жеткен. Жылқылар жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көрші Жақсы ауданынан табылды», – делінген хабарламада.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары