$ 494.87  520.65  4.91

Өскемен тұрғыны спирттік ішімдік ішіп автобус жүргізген

Өскемен тұрғыны спирттік ішімдік ішіп автобус жүргізген деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті. 

Арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында спирттік ішімдік ішкен жүргізуші ұсталды. 

Департаменттегілер енді мұндай жағдайда тек автобус жүргізушілері ғана емес, автопарк басшылығы да жауапқа тартылатынын айтады. 

«Жолаушылар транспортының жүргізушісін линияға шығарғаны үшін автопарк басшылығына 40 АЕК (96 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады», - дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары