$ 445.66  474.58  4.78

Төреғали Төреәлі Елбасы мінген ер-тоқымға отырғанын мақтанышпен жеткізді

Белгілі әнші Төреғали Төреәлі Елбасы мінген ер-тоқымға отырғанын айтып, Instagram-парақшасындағы тыңдармандары алдында мақтанды.

«Жігіттің ниеті жолдас. Елбасымыз қарғып мінген ертоқымға жайғасып, тізгінді тартып, үзенгіге аяқ тіреп, еліме амандық жұртыма тыныштық тіледім Алладан» , – деп жазды Төреғали Төреәлі.

Желі қолданушылары Төреғали Төреәлінің желідегі суретін талқыға салған. Бірі оны мақтаншақ десе, кейбреуі Елбасының мінген ер-тоқымына отырғанын жақсылыққа балады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары