$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде оқушылар төбелескен мектеп-интернатының директоры қызметінен кетті

Ақтөбе қаласында Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты оқушыларының төбелесінен кейін мекеме директоры қызметінен кетті деп жазады ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе қаласындағы Дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқушылар төбелесіп, бірі екіншісін пышақтады. Екеуі де 10-сынып оқушылары. Жарақат алған бала қазір ауруханада жатыр.  Бүгін ата-аналардың өтінішіне қарамастан, мекеме директоры Гүлнәр Тәжіғалиева өз еркімен жұмысынан кетті.

«Менің немерем М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сыныбында оқиды. Кеше «директор орнынан кетті» деп жылап келді. Біз, ата-аналар, балаларға тәрбие беріп, олардың білім саласында жетістікке жетуіне өз көмегін беріп жүрген директордың орнында қалуын сұраймыз», – деді қала тұрғыны Шахизада Сүйінова.

Ата-аналар балалар арасындағы төбелеске қоғам мен ата-ана да жауапты екендігін айтып отыр.

«Мектеп оқушылары арасында араздық болды. Бұл оқиғаға тек директор емес, ата-аналар да жауапты. Директор өз қызметінде қалып, жұмысын жалғастыруын қалаймыз», – деді ата-ана Татьяна Айсұлтанова.

Дегенмен, мекеме басшысы жұмыстан босату туралы өз еркімен өтініш жазып, ол қабылданған.

«Мектеп ішіндегі төбелестен соң қызметтік тексеру жүргізілді. Оның барысында психолог жұмысының қателіктері де анықталды. Өтініш берілді, оған қол қойылды. Бұйрық та шықты, шешім өзгертілмейді. Ал баласы төбелескен ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады», – деді облыстық Білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары