$ 443.85  474.3  4.8

«Е, әніңді айт деді маған»: Әбдіжаппар Әлқожа кафелердің бірінде ер адаммен қалай төбелескенін айтты

Қасы-көзі қиылған эстрада әншісі Әбдіжаппар Әлқожаны кейбір тыңдармандары өзбек ұлтына ұқсатады екен. Бірақ өнер иесінің өзін дәл осылай атағандарға өкпесі қара қазандай. 

Әнші караокелердің бірінде намысына қатты тиген оқиғалардың бірін баяндап берді. Айтуынша, ішімдікке тойып алған ер адам Әбдіжаппарды танып кеп, одан ән айтуын талап етіпті. 

«Біреу келді де, «е, Әбдіжаппар, «Тәтті аруды» айтшы е» дейді маған. Мен де Караокеде демалып отырмын. Ән айтпай-ақ қояйын дедім. Жанымдағы достарым «қоя салшы, мас қой» деді.  Ішімдікке тойып алған. Айналып келді де «е, өзбек әніңді айт е» деді. Өмірде ең жек көретін нәрсем, маған біреудің «өзбек» дегені. Өзбек деген ұлтты білемін. Ол ұлттан да жақсы адамдар шыққан. Тек өзім қазақ болғаннан кейін, қазақ боп жүргім келеді», - дейді әнші «The Эфир» бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында.

Әнші ер адаммен соңында төбелесіп, сазайын беріпті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әбдіжаппар Әлқожа «Жыл таңдауына» лайық емес екенмін» деп ренішін әлеуметтік желідегі парақшасына жазған еді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары