Жаңалықтар 19.12.2018 сағат 03:46  260

Балабақшадағы Жаңа жылға арналған ертеңгілікте Аяз ата қайтыс болды

Ресейдің Кемерово қаласындағы балабақшалардың бірінде ертеңгілік кезінде Аяз Ата болып киінген ер адам қайтыс болды.

Балабақшадағы Жаңа жылға арналған ертеңгілікте Аяз ата қайтыс болды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарт кісінің жүрек тұсы ауырған. Мекеме қызметкерлері тез арада жедел жәрдем шақырғанымен, әртіс олар келгенше көз жұмды, деп хабарлайды Vse42.ru.

Кейінірек анықталғандай, ер адам қалада танымал театр актері екен. Валерий Титенконың әріптестерінің айтуынша, әртіс жүрегіне күрделі ота жасатса да, спектакльдерге қатысып, өзін аямастан беріліп жұмыс істеп жүрген.

Қараша айының басында Алматыда осы жайтқа ұқсас қайғылы оқиға болды. Хэллоуин кешінде танымал қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожин көз жұмған. Ол үш метр биіктікте «арқанға асылып тұрған» мумияның рөлін сомдаған.

Биыл көктемде Флорида штатының Тампа қаласында Cirque du Soleil қойылымы кезінде акробат биіктен құлап, қаза тапты.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар