$ 498.34  519.72  4.85

Енді алабұға: Атырауда тағы да балықтар қырылып жатыр

Атырауда тағы да балық қырыла бастады. Бұл жолы алабұға, торман, қылышбалық секілді қара балықтардың қырылу дерегі Жұмыскер және Геолог ықшам аудандары маңында тіркелген деп хабарлайды КТК.

«Қазіргі кезде экология департаменті тарапынан жоспардан тыс тексерістер басталды. Бұл бірінші орында «Атырау Су Арнасына» қатысты, «Атырау Су арнасына» тексеріс мүдделі  орындардың мамандары тартылып, қазіргі таңда су сынамалары алынды»,  –  дейді Атырау облыстық экология департаменті бастығының орынбасары Қайратқали Хайрулла. 

Қазір өлі балықтарды жинаумен еріктілер айналысуда. Мамандар бұл жолы су жәндіктерінің қанша көлемде қырылғандығын нақты айта алмай отыр. 

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Атырау қаласындағы Перетаска және Зарослый тоғандарында өлі балықтардың толып кетуі тұрғындарды абыржытып жіберген еді. Іле-шала сауда орындары мен көшелерде балық сатушылар көбейіп кетті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары