$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде бетперде киген 4 оқушы жасөспірім қызды жабылып ұрып кеткен

Соңғы кездері мектеп оқушыларының арасында кикілжің көбейіп кетіті. Бұрындары төбелес жігіттер арасында болса, қазір қыздар да бір-бірін аяусыз сабайтын болған деп жазады aktobetimes.kz.

Оқиға түнгі сағат 12-лер шамасында №55 мектептің жанында болған. Бетперде киген 4 қыз бала 9-сынып оқушысын сабап кеткен. 

14 жастағы қыз бас-ми жарақатын алған. Дәрігерлердің қарауынан кейін оқушы үйіне қайтарылды. 

Ақтөбеде облыстық полиция департаменті оқиғаны растап отыр. 

Еске сала кетейік, 8 желтосқан күні дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының оқушылары арасында төбелес боп, біреуі пышақ жарақатымен облыстық ауруханаға түскен болатын. Осы оқиғадан кейін мектеп директоры, орынбасары мен психолог жұмыстан шығарылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары