Ақтауда Жаңа жыл мерекесі күні отшашу 15-шағынауданындағы жағалауда екі рет атылады деп жазады inaktau.kz.
Бақылау және қадағалау комитеті директорының уақытша міндетін атқарушы Әмірхан Құлбаевтың айтуынша, Жаңа жыл түні екі рет отшашу болады. Біріншісі – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзінен кейін, ал екіншісі – дәл сағат 00:00-де . «Жаңажылдық от шашуға 3 млн теңге бөлінді. Бұл жұмысты «Казахстан салют» компаниясы атқарады», - дейді Әмірхан Құлбаев.