$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда бір көшеге Ислам Каримовтың есімі берілді

VI шақырылған Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс XXXIV сессиясында 183 көшенің жаңа атауы мақұлданды. Көшелердің біріне Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың есімі берілді деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аты өзгертілген 183 көшенің 20-сына: Керей-Жәнібек хандар, Тәуке хан, Есім хан, Әбіш Кекілбайұлы, Поль Гурдэ, Шамғон Қажығалиев, Фарида Шәріпова, Жаяу Мұса, Василий Бартольд секілді тұлғалардың аттары берілген. Қалған 163 көшеге Жеті жарғы, Ата толғауы, Ақжайнақ, Тайбурыл, Әлқисса, Арлан, Ақбозат секілді тарихи-географиялық және ұлттық таным атаулары берілген.

Көшелердің атауын өзгерту жұмысы 2018 жылдың басында, тұрғындардың шағымдарына байланысты басталған болатын. Аты жоқ көшелер, аттары қайталанатын көшелер тұрғындарға қиындық тудырған, әсіресе жедел жәрдем мен өрт сөндірушілерді шақыру кезінде бұл ерекше байқалатын. Алматыда шамамен 2,5 мың көше бар. Соның 349-ының аты қайталанатын.

Атап айтқанда, қалада, жаңадан қосылған аумақтарды қоса алғанда, Абай атында 12 көше, 3 Әуезов көшесі, 13 Жамбыл Жабаев көшесі, 6 Құрманғазы көшесі, 5 Төле би көшесі, 3 Қазыбек би, 3 Әйтеке би, 8 Райымбек батыр, 4 Наурызбай батыр, 8 Қарасай батыр, 4 Байтұрсынов, 5 Сейфуллин, 6 Молдағұлова, тағы алты Мәметова көшесі болатын.  

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары