Қыркүйектің 26-28 аралығында еліміздің батысында күн ыстық, ал шығысында суық болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» кәсіпорны.
«Жерорта теңізінен Ресейдің Еуропа бөлігіне және Батыс Қазақстанға жылу келген батыс перифериясы бойынша жоғары барийлі жота осы аумақтарда апта бойы жылы ауа райын ұстап тұр. Демалыс күндері де Қазақстанның батыс бөлігінде аномальді жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, күндізгі температура 25-33 градусқа дейін көтеріледі. Ал Қазақстанның шығыс бөлігіне суық атмосфералық фронттардың артынан Шығыс Сібірдің солтүстік аудандарынан антициклон жылжиды. Сондықтан солтүстік, орталық облыстарда жақын арадағы тәуліктерде жауын жауады», - дейді мамандар.
Олардың айтуына қарағанда, бұл өңірлердегі жауын-шашын жексенбі және дүйсенбі күндері тоқтап, есесіне түнгі ауа температурасы 0-6 градусқа дейін төмендейді. Ал шығыста демалыс күндері жаңбыр жауып, кей жерлерде оның арты қарға ұласады және күн суық болады деген болжам бар.
«Оңтүстік аудандарға суық атмосфералық фронттар жексенбі күні өтеді және дүйсенбіге дейін сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, таулы аудандарда нөсердің соңы қарға айналады», - деп хабарлады метеорологтар.