04.01.2019, 03:00

ШҚО-да Зырян қаласының атауы Алтай боп өзгерді

ШҚО-да Зырян қаласының атауы Алтай болып өзгерді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы және Зырян қаласы  Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы және Алтай қаласы деп қайта аталсын. 

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – делінген Қаулыда.

 

Тегтер: ШҚО Алтай зырян