$ 494.87  520.65  4.91

Әуе тасымалы саласында өзгерістер болады

2017 жылдан бастап әуе тасымалы тарифтерін салалық уәкілетті орган – Азаматтық авиация комитеті реттейді.

Бүл туралы бүгін Сенаттың конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Аталған заң жобасында авиациялық хаб ұғымы және авиациялық хабтың аэровокзалына қойылатын талаптар бойынша түзетулер енгізу қарастырылып отыр. Әуе тасымалдарының әлеуетін толық пайдалану мақсатында жүктерді тасымалдау кезінде электронды құжат айналымын енгізу, сондай-ақ жүктердің авиациялық транзиті бойынша бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдерді бекіту үшін Қазақстан заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізіледі», - деп баяндады вице-министр.
Жеңіс Қасымбек мырзаның айтуынша, бұл өзгерістер жүктерді өңдеуді 10 күннен 4 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,  2017 жылдан бастап әуе тасымалы тарифтерін салалық уәкілетті орган реттейтін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары