$ 494.87  520.65  4.91

2016 жылдан бастап педофилдер шекарадан өткілімдейді

ТМД елдері келесі жылы зорлық-зомбылық жасаған азаматтардың бірыңғай базасын енгізбек.

Бұл туралы бүгін «Орталық Азия елдерінің зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара әрекеттестігі» атты халықаралық форумда ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченконың мәлімдеді.

ҚР Бас прокурорының орынбасарының айтуынша бұл аса қиын шаруа емес. ТМД елдері бойынша ақпаратты келесі жылдан бастап алатын боламыз. Қазіргі уақытта  зорлық-зомбылық жасаған азаматтардың бірыңғай базасын жасақтау қолға алынып жатыр. Егер ондай адамдар біздің шекарада кездесіп жатса, бақылаушы органдар бірден білетін болады. Шекара қызметінде егер қандай да бір азаматтың Қазақстанға кіруіне шектеу қойылғаны белгілі болса, еш түсініктемесіз оны Қазақстан жеріне кіргізбеуге шекарашылардың құқығы бар.

Естеріңізге сала керейік, бүгін Діндерді зерттеу орталықтары қауымдастығының бастамасы бойынша «Орталық Азия елдерінің зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өзара әрекеттестігі» атты халықаралық форум басталды. Аталмыш форумда  Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің құқық қорғау органдарының өкілдері, сонымен қатар ҚР Парламентінің депуттары, сарапшылар қатысуда. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары