Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Кентау қаласының әкімі болып Рысбеков Ғани Құрмашұлы тағайындалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін облыс əкімі Кентау қаласындағы мəслихат мүшелерімен кездесті. Ғани Құрмашұлы Кентау қаласының тұрғындарымен кездесуде артылған сенімді ақтауға уəде беріп, облыс басшысы жүктеген тапсырмаларды орындап, шаһардың көркейе түсуіне барынша атсалысатынын жеткізді.
Ғани Құрмашұлы 1962 жылы 8 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында Түркістан қаласында туған.