Жаңалықтар 28.01.2019 сағат 11:53

Тағы да Gelendwagen: Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апатының жүргізушілері ұсталды

Алматы облысының полицейлері адам қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен Gelendwagen мен жүк көлігінің жүргізішілерін ұстады деп жазады Total.kz.

Тағы да Gelendwagen: Алматы облысында адам өлімімен аяқталған жол апатының жүргізушілері ұсталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

24 қаңтар күні Алматы-Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адамның қайтыс болғаны хабарланған. Кейін марқұмның Көксу ауданының 51 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. 

«Gelendwagen және КАМАЗ жүк көлігінің жүргізушілері ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды»,  – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ департаменттегілер «екі жүргізушінің бірі құқық қорғау органында қызмет істейді» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар