ҚР Бас прокуратурасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері Артур Трофимовты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Өзбекстаннан экстрадициялады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
«Тұтқындалған азамат 2005-2009 жылдары «БТА Банк» АҚ-дан аса ірі көлемде ақша тонауға және оның ізін жасыруға, сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топты құруға және басшылық етуге қатысты деп күдіктеліп отыр», – делінеді хабарламада.
Бас прокуратурадағылар атағандай, Трофимовтың экстрадициялануы қазақстандық құқық қорғау органдарының өзбекстандық әріптестермен бірге жүргізген жұмыстың арқасында жүзеге асты.