1 апта бұрын жоғалып кеткен Салтанат Кукенова аман-есен табылды деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бойжеткен осынша уақыт құрбысының үйінде болыпты.
Бұған дейін 20 қаңтар күні үйінен шығып, қайта оралмаған қызды полицейлер іздеп жатқанын хабарлаған еді.
Дәл осы күні жоғалып кеткен тағы бір Қостанай тұрғыны Елдос Дүйсенов әлі табылмады.
Дереккөз: Alau.kz