30.01.2019, 04:52

Атырауда 4 жасар бала 5-қабаттан құлап аман қалды

Атырауда үйдің 5-ші қабатының терезесінен құлаған 4 жасар бала аман қалды деп жазады «Мой город».

Бұл оқиға жексенбі күні болған.

«27 қаңтар күні Атырау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына денесінің бірнеше жерінен жарақат алған 4 жасар бала түсті. Бала бас-ми жарақатын алған. Сондай-ақ, жамбас сүйегі және иығының сүйектері сынған», – дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы қалыпты. Оны жансақтау бөліміне ауыстырды.