Осыдан 2 апта бұрын жоғалып кеткен Қалбатау ауылының тұрғыны 30 жастағы Семсенова Айнұр өлі табылды деп жазады «Устинка».
Алдын ала болжам бойынша, Айнұр қатты желден ұшып, үсіп қайтыс болған. Бірақ марқұмның ата-анасы бұл нұсқаға күмәнмен қарайды. Себебі, қыздарының денесі заводтан алыс орналасқан ауылдан табылған.
«Қызымыз табылған жерге барғанда мен де болдым. Оның қол-аяғы түп-түзу еді. Бірнеше күн жел соғып, боран болғанына қарамастан оның қолында аз ғана қар жаттты», - дейді Айнұрдың анасы.
Туыстары қыздарын әлдекімдер өлтіріп, сол маңға тастап кеткен деп күдіктеніп отыр.