$ 448.56  478.03  4.79

Жантүршігерлік жол апаты: Алматы облысында көпбалалы ана қайтыс болды

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқыс оқиға нәтижесінде көпбалалы ана қаза тапты. Анықталғандай, тағы үш жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Жол-көлік оқиғасына тек бір көлік қатысқан деп жазады Nur.kz.

Жол апаты 15 ақпан күні Алматы-Саты тас жолында болған.

Марқұм әйелдің туыстарының айтуынша, ол 53 жаста екен. Оның артында бес баласы қалған. Олардың екеуі әлі кәмелет жасқа толмаған.

Көлік ішінде тағы төрт адам болыпты. Олардың біреуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілген. Қалған үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Анықталғандай, марқұм әйел қаладан ауылға бара жатқан. Бір уақытта тас жолмен келе жатқан көлік тайғанап, жолдың шетіне ұшып кетіпті. Әйел адам дәрігерлер келгенше оқиға орнында жан тапсырған.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Қазіргі таңда, Қылмыстық кодекстің 345 бабының үшінші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып кеткен.

«Жүргізуші көлікті басқара алмай, салдарынан көлік жолдың шетіне ұшып кетті. Іс құжаттары Алматы облысы полиция департаментінің анықтау басқармасына жіберілген», - деді департаменттің өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары