$ 446.49  475.38  4.79

Шымкентте есігін жаппай жүріп кеткен автобустан 2 әйел құлап жарақаттанды

Шымкентте қоғамдық көліктерге қатысты дау-дамай еш уақытта толастамайды. Бұл жолы №47 бағыттағы қоғамдық көліктен жолаушылар құлап кеткен деп жазады Otyrar.kz.

Оқиға «Жаңа шаһар» аялдамасында болған. №47 бағыттағы автобустың жүргізушісі жолаушылар аялдамаға түсіп үлгермей жатып жүріп кеткен. Салдарынан екі әйел жарақат алды.

Олардың бірі аздап қорқып қалған, екіншісін ауруханаға жатқызуға тура келді. Оқиға орнында жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері жұмыс жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары