$ 494.87  520.65  4.91

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры қамауға алынды

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайының бас директоры Әділ Арын қамауға алынды деп жазады ҚазАқпарат.

Әділ Арынды қамауға алу туралы сот қаулысы 28 ақпанда шыққан.

«Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының шешімімен 1980 жылы туған Әділ Арын екі айға, яғни 2019 жылдың 26 сәуіріне дейін қамауға алынды», - деп хабарлады аталмыш соттың баспасөз қызметінен.

Айта кетерлігі, елорданың басты ғимараттарының бірі саналатын – Бейбітшілік және келісім сарайының іргесі 2006 жылы қаланған болатын.

2009 жылдың 13 шілдесінде Астана қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес «Бейбітшілік және келісім сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны құрылды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары