Жаңалықтар 11.03.2019 сағат 09:29

«Сүйіспедік те»: Айгүл Иманбаева Азамат Сатыбалдымен көңілдес деп әңгіме таратқандарға жауап берді

Азамат Сатыбалды мен Айгүл Иманбаева соңғы кезде елдің талқысына жиі түсіп жүр. Қос өнер иесі көңілді кештерде жиі бой көрсететін көрінеді. Жақында ғана Айсәуле Бақытбектің ұзату тойында театрдың екі майталманы би алаңын ешкімге бермеген, деп жазады Stan.kz.

«Сүйіспедік те»: Айгүл Иманбаева Азамат Сатыбалдымен көңілдес деп әңгіме таратқандарға жауап берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Тойдың гүлі өзім болдым. Той менікі болды, сосын Азаматтікі болды», - дейді Иманбаева 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында. 

Осы тойға журналистердің шақырылмағаны жақсы болған, деп есептейді Иманбаева. Актриса құрбысының қуанышында емін-еркін билеп, ортаны бермегенін айтады. 

«Енді Құдай-ау өзіміздің тойда билемеген соң қайда билейміз? Өткенде Ақботаның тойында да солай биледік. Бірақ сол жерде отырған апаларымыз, Толқын апамның өзі сұрағанда таңғалдым. - Айгүл, Азамат екеуіңде бәрі жақсы ма?» - деген сияқты. 

Құдай-ау, қалай айтсам екен, жалпақ тілмен айтқанда сүйісіп те көрмедік деппін ғой. Шынымен неге барлық нәрсені жамандыққа балау керек? Әдемі достыққа, туысқандыққа ұласқан дүние. Азаматтың келіншегімен де, өзімен де... Екеуміз бір-бірімізді көрген кезде шүйіркелесе қалатын әдетіміз. Сырт көзге басқаша образ беріпті енді», - дейді Айгүл күліп. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар