Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігі тоқтағанын әншілер қалай қабылдады?
Эстарада жұлдызы Ақбота Керімбекова: «Жүрегім ауырып отыр. Әуелі Алланың, сосын патшамыздың арқасында бейбіт өмір сүрдік, шүкір. Бұл жаңалықты қабылдау қиын екен. Сізге мың алғыс» деп жазса, Индира Расылхан: «Президент болып сайланған уақытта ол кісінің алдына шығып, өнер көрсеткенмін. Сол кезде 17 жаста болатынмын. «Әнің де, дауысың да өте әдемі» деп ең алғаш маған шабыт берген де сол кісі еді. Қазір естіп отырып, көңілім кәдімгідей бұзылды. Сіздің еңбегіңіз өте үлкен», - деп оның амандығын тілейтінін жеткізді.
Сондай-ақ Қайрат Нұртастың анасы, Алтынай Жорабаева да бұрынғы президентке алғыс білдіріп, арнайы жазба қалдырды.
Еске сала кетейік, күні кеше 19 наурыз күні сағат 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев президент өкілеттігін тоқтатынын хабарлады.
20 наурыз күні Астанада қос палатаның бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде ант қабылдады.