$ 444.22  476.38  4.82

Павлодар облысында 82 жастағы қария мен жігіт жоғалып кетті

Павлодар облысында 23 жастағы Кабдуахитов Данияр мен 82 жастағы Жабцев Алексей Митрофанович жоғалып кетті. Оларға жақын туыстары іздеу жариялайды деп жазады Nur.kz.

Еріктілер тобының айтуынша, Данияр үйінен 19 наурыз шығып кеткеннен кейін оралмаған. Соңғы рет оны 20 наурыз күні Бесқарағай ауылынан көріпті.

Оның бойы - 178 см, шашы қара және қысқа кесілген. Жоғалған күні үстіне қара-көк куртка, жасыл футболка киіпті.

Жігіттің туыстары оның жоғалғаны туралы полицияға арыз жазған.

82 жастағы Жабцев Алексей 9 наурызда жоғалып кеткен. Зейнеткердің қайда кеткені белгісіз. Бойы - 170-180, үстіне қара куртка киген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары