$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында үш жігіт шахтада қайтыс болды

Бүгін Алматы облысындағы Текелі қаласында үш жігіт шахтада қайтыс болды. Марқұмдардың денесі қараусыз қалған кен орнынан шығарылды  деп жазады ҚазАқпарат.

«Оқиғаны растаймыз. Қайғылы жағдай бүгін болды. 25-26 жастағы жігіттер Талдықорған қаласының тұрғындары болып шықты. Олар Текелі тауларына  қыдырып келіп, қызығушылықпен шахтаға кірген. Бұл шахталар жұмыс істемейді.  Нақты жігіттердің өліміне не себеп болғанын арнайы құзырлы органдар, сот-медициналық сараптама анықтайды», - деді Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев.

Бастапқы болжам бойынша, үш жігіт шахтаның ішіндегі улы газға уланып көз жұмуы мүмкін.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары