$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде автокөлік жаяу жүргіншілер жолағында жеткіншекті қағып кетті

24 наурызда автокөлік жаяу жүргіншілер жолағында екі жеткіншекті қағып кетті деп хабаралйды Ақтөбе облыстық Полиция депаратменті.

Едіге даңғылына бара жатқан жолда Opel Vectra автокөлгінің жүргізуші 9-сынып оқитын екі жеткіншекті қағып кетті. Олар жолдың қарсы бетіне өтпекші болған.

Жол апаты салдарынан жеткіншектің біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі жан сақтау бөлімінде жатыр.

Ал Opel Vectra көлігін тізгіндеген 20 жастағы жігіт уақытша қамау изоляторына алынды.

Қазіргі уақытта «Көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың көлік құралын пайдалану ережесін және Жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: Newtimes.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары