$ 476.89  505.27  4.95
Жаңалықтар 26.03.2019 сағат 09:59

Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан қаза тапқандар туралы дерек шықты

Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан екі адам қаза тапты. Автобус жүргізушісінің артында төрт баласы қалды, ал жолаушы келіншек отбасының жалғыз асыраушысы болған деп жазады Tengrinews.kz.

Нұр-Сұлтанда болған жол апатынан қаза тапқандар туралы дерек шықты

«Қаза болған Айзат Нұрекенова Қарағанды облысында тұрған. Денесін жеткізуге көмектесеміз. Ол отбасының жалғыз асыраушысы болған, артында кәмелетке толмаған баласы қалды», -  деді брифинг барысында  «Астана ЛРТ» басшысы Бекмырза Игенбердинов.

«Жүргізуші Оспанов Абай Амангелдіұлы. Оның үйіне барып қайттық, артында төрт баласы қалды», - деді Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары Әлихан Қуатбеков.

«Астана ЛРТ» басшысының айтуынша, жүргізуші таңғы сағат 06.30-да медициналық тексерістен өткен. Денсаулығына қатысты ешқандай проблема болмаған. 2018 жылдың желтоқсанында жыл сайынғы медициналық тексерістен өткен.

Еске салайық, бүгін, 26 наурызда Қабанбай даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы бодды. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағыттағы қоғамдық көлікті соққан. Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан. Кейінірек қаза тапқандар жайлы ақпарат берілді. 

«Қазіргі жағдай бойынша 27 адам зардап шекті, екі адам қаза тапты. Олар - 66 жастағы автобус жүргізушісі және 26 жастағы жолаушы қыз», - деген еді елордалық әкімдік өкілдері. 

 

 

 

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар