$ 498.34  519.72  4.85

Өскеменде ішімдік ішкен ер адам көпірден өзенге секіріп кетті

Өскеменде көпірден өзенге секірген ер адамды сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар құтқарып алды деп жазады ҚазАқпарат.

Олардың арасында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Қазавиақұтқару» өкілі де болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Шығыс Қазақстан облыстың төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

«Көпірден өтіп бара жатып, әрекеті күдікті ер адамды көзім шалды. Ол сырт киімін шешіп, көпірдің қанатынан асып өтті де, төмен қарай секіріп кетті. Мен бірден өзеннің жағасына жетіп бардым. Сол кезде тағы бір машина тоқтап, одан түскендер де көмекке асықты. Мен қолма-қол «112» бірыңғай диспетчерлік қызметіне қоңырау шалдым», - дейді Александр Кузовников. 

Абырой болғанда, 18 метр биіктен секірген ер адам аман қалған. Оны өзеннің ағысы жағаға шығарды. Сол маңдағы тағы бір адам оны судан шығарып алды. Үсті-басы су. Жедел қызмет өкілдері жеткенше, азаматтар оны жылы киіндіріп үлгерген. Сол кезде Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жетіп үлгерген. Анықталуынша, ер адам мас болған. 

Сырт белгілеріне қарағанда, оған ешқандай зақым келмеген. Оған тыныштандыратын дәрі берген соң, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары