Қызылорда облысындағы ұшақ апанынан көз жұмған командир Роман Костыговтың артында 10 жастағы ұлы қалды. Бұл туралы оның бала күнгі досы Александр Немцов айтып берді деп жазады Tengrinews.kz.
Оның айтуынша, Роман Ақтауға 15 күн бұрын кетіпті. Оған дейін марқұм Талдықорғандағы Ұшаралда қызмет атқарған екен. Ал оқуды Ақтөбеде тәмәмдаған.
«Соңғы рет дүйсенбі күні ғана сөйлескенбіз. Шымкентке іссапармен жол жүретінін айтқан. Ол өте шынжыл, жауапты күйеу әрі керемет әке еді. Қалай болғанын білмеймін. Ол ешкіммен араздығы жоқ адам-тұғын. Кеше оның қайтыс болғанын естіп, түнімен көз ілмей шықтым. Бірге ойнап-күлгеніміз, қыдырғанымыз бәрі көз алдыма келді.
Ол өз жұмысын жақсы көретін. Әйелі Оля, ұлы Богдан да керемет жандар. Баласы 3 сәуірде 10 жасқа толады. Ал Роман тірі болса, 26 сәуірде 34 жасқа келер еді. Оның достары көп. Ата-анасы телефонын да алмайды. Ұлдарының қазасынан кейін естерін жия алмай жатыр», – дейді Александр Немцов.
Ол сондай-ақ Романның туған жері Павлодар облысы Ертіс ауданына жерленетінін айтты.
Еске сала кетсек, 27 наурыз күні кешке Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесі белгісіз себептермен құлап, түгі қалмай жанып кеткен. Әскери тікұшақтың бортында 13 адам болды. Олардың барлығы қаза тапты.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.