«Пәктігімді қалпына келтіргім келеді». Осылай деген 20 жастағы ақтаулық бойжеткен Instagram әлеуметтік желісіндегі «Үшбу хат» парақшасында жұрттан көмек сұрады.
Бойжеткен осыдан 2 жыл бұрын пәктігінен айрылып қалған екен. Ұзатылғалы отырған ол өзге үйдің босағасын «абыроймен» аттағысы келеді.
«Жақсы жігіт кездестірдім. Қарашаның 30-ы тойымыз еді. Оны қатты жақсы көргенім соншалық шындықты айта алмадым. Себебі, ол өте намысшыл. Білетін болса, одан айрылып қаламын. Соңдықтан сөкпеңіздерші. Пәктікті қалпына келтіру қанша? Ол зиян ба? Өзім Ақтауданмын. Жігітім Атыраудан. Қай қалада бар? Кім жақсы гинеколог біледі?», – деп жазды ол.