04.04.2019, 03:00

Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бейсенбі, 4 сәуір күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Балқаш және Теміртау қалаларында, сондай-ақ түнде және таңертең Астана қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. 

Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.    

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.