Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында үшем өмірге келді, деп жазады Stan.kz.
Облыста биылғы жылы алғашқы үшем дүниеге келді. 1993 жылғы Кәмила Шайжанова 5 баланың анасы атанды. Жолдасы Өмірбек Үсенов екеуінің үшемнен бөлек 3 және 5 жастағы екі қызы бар.
Облыстық денсаулық басқармасының мәліметінше, 2018 жылы өңірде үш үшем туған. 132 егіз сәби өмірге келген. Ал, биылғы жылдың басынан бері 28 егіз дүние есігін ашты.