Ақмола облысының Жарқайың ауданында өрт болған пәтерден 61 жастағы үй иесінің мәйіті табылды.
Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Өрт 2-ші қараша күні түнгі 23:33 минут шамасында Жарқайың ауданының Державин қаласында тұратын 1954 жылғы Т.Қосшығұловтың пәтерінде орын алған.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және апатты-құтқару жұмыстары» ММ жеке құрамынан 3 адам және 1 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Оқиға орнынан үй иесінің мәйіті табылды», - деп көрсетілген хабарламада.