12.05.2019, 05:44

Жаңаөзендегі жол апатынан 2 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында Hyundai және BMW маркалы көліктердің бетпе-бет соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалған. Оқиға 11 мамырда сағат 12:40-та болған. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті,  деп хабарлайды "Лада". 

Бейнежазбада Hyundai автокөлігінің жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, BMW автомобилімен бетпе-бет соқтығысқаны түсірілген. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушілері зардап шегіп,  Маңғыстау облыстық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, қос жүргізуші үйлеріне жіберілген.